Бұл бетте «Кездессе оқыс қуаныш» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
31.10.2021
0
0
1331
Кездессе оқыс қуаныш,
Жетелеп бақыт жол бастар.
Жұлдыздай жанған тым алыс,
Аңсатқан арман көз тастар.
Жолықса қатты реніш,
Ашылар ащы бастаулар.
Күткендей жаңбыр тың егіс,
Кірпіктен ыстық жас саулар.
Қайғыда өксік басылмас,
Ыстық жас көзге топталар.
Шатыққа шыққан тамшы жас
Жарқ етер де жоқ болар.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі