Бақ көшсе, ақылыңа қарамайды – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Бақ көшсе, ақылыңа қарамайды» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бақ көшсе, ақылыңа қарамайды.
Жақсыны жаман адам табалайды.
«Адам басы алланың добы» деген,
Қайда айдаса, сол жаққа домалайды.
Жігіттер, ат атану тым-ақ қиын,
Ат атанбай болмайды құрмет сыйың.
Топтағы бай, таптағы би болсаң да,
Қолыңнан мал кеткен соң келмес күйің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері