Күлен шешенге – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Күлен шешенге» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Төрт ауылдың бір биі Күлен шешен,
Төреңізді тура бер құдай десең.
Өлсең де қабырыңда тек жатпайсың,
Төре беріп біреуден пара жесең.
Төрт ауылдың бір биі Күлен қозған,
Қызыл тілде Қоңыратта Күлен озған.
Төре беріп біреуден пара жесең,
Қияметте жоқ дейді биден азған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері