Жағалауда құба тал – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Жағалауда құба тал» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 1
  • 1467
Жағалауда құба тал,
Тал арасы жалбыз ғой.
Суат жаққа құдаша
Келе жатыр, жалғыз ғой...
Ақ балтыры қозғалса,
Ақ көйлегін жел қаққан.
Оң аяғын созғанша
Сол аяғын шаң қапқан.
Қас пен көздің арасы,
Ақшам ба, әлде іңір ме?
Бейсеубет бір, шамасы,
Қонақ бар-ау үйінде.
Жағалауға көз салдым,
Жақындады бойжеткен.
Биыл осы жаз салқын,
Тоңазыдым көйлекшең.
Қадала қарап тұр едім,
Қай жақтан...біреу қабаққа
Қарсыдан шығып қылт етті,
Жүрегім менің бүлк етті...
...Жағаның желі жалбыздың
Жас иісін маған үрлеп тұр.


Пікірлер (1)

Адриана Лима

Бірінші мектепшіліктен өтем сосын барам жарыскаа

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері