Өлең, жыр, ақындар

Қыз бала

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.12.2015
  • 0
  • 1
  • 9657
Қыз бала, бір жасыңда талпынарсың,
Шыққан соң екі жасқа, қаз тұрарсың.
Екі жастан үш жасқа шыққаннан соң,
Жүгіріп үйден-үйге шарқ ұрарсың.
Қыз болып төрт жасыңда тұлымшақты,
Байларсың тұлымыңа қызыл шоқты.
Төрт жастан бес жасыңа шыққаннан соң,
Ойнарсың қыздарменен қуыршақты.
Қолыңа алты жаста ұршық алдың,
Жібекке жеті жаста пұл шығардың.
Жетіден сегіз жасқа шыққаннан соң,
Шешеңнің, тойға бар деп, тынышын алдың.
Қыздармен тоғызыңда тойға бардың,
Қолыңа он жасыңда оймақ алдың,
Он жастан он бір жасқа шыққанан соң,
Қулықты қай-қайдағы ойлап алдың.
Тартасың он екіде орамалды,
Қулығың он бірдегі о да қалды.
Он екіден он үшке шыққанан соң,
Сыпырдың тұрымтайдай томағаңды.
Қыз болып он төртіңде топқа кірдің,
Қызықты он бесіңде жоқтап жүрдің.
Он бестен он алтыға шыққаннан соң,
Қырғидай қыран шәулі топтан ілдің.
Қарағым, он жетіге енді келдің,
Не қызық болып жатқан жерді көрдің.
Балауса он сегізде қыз болып ап,
Жүйріктей бәйгені алған белгілендің.
Қыз болып он тоғызда баяуларсың,
Той қылып ұзатуға таяуларсың,
Болып ап жиырмада бөбекті ана,
Тербетіп талдан бесік таянарсың.


Пікірлер (1)

Омирзак

Керемет акын

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз бала өлеңінің авторы кім?

Мәделі Жүсіпқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Қыз бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қыз бала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәделі Жүсіпқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері