Жастар маршы – Иса Байзақов

Бұл бетте «Жастар маршы» атты Иса Байзақов жазған жастар туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.11.2015
  • 1
  • 0
  • 4008
Біз бақытты туғаннан гүлденгенбіз,
Жаңа өмірдің бесігін ізденгенбіз,
Талай асу қиындық кездессе де,
Өнер білім желісін үзбегенбіз.

Қайырмасы:
Берік болат біз жастармыз,
Мың сан миллион достармыз.
Біз бақытты нұрлы күннен де,
Жау аспайтын биік асқармыз.

Оғы, сөзі түк емес жаудың бізге,
Біз айбынды қорғанбыз елімізге,
Суық қолын сұғанақ ұсынса да,
Сынық сүйем келмейді жерімізге.

Қайырмасы.

Көкте, жерде, асуда, суда, шөлде,
Жау кез келсе-ақ жеңеміз қай жерде де.
ҰлыОтанның біз батыр ұрпағымыз,
Бізде жігер, бізде күш, бізде зерде.

Қайырмасы.

Біз - жауынгер майданға аттанатын.
Өшіреміз фашистің мүлдем атын,
Отан үшін, бақытты жеңіс үшін
Біз - алыппыз дұшпанды күл қылатын.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастар маршы өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Жастар маршы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастар маршы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жастар туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жастар маршы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері