Бұл бетте «Алтын бесік» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қиялды Алтынбесік тербеді ме,
Көңіл кетті қанатын сермеді де.
Тасқындап қалайын бір нөсердейін,
Орамай тұрғанда жер жөргегіне.
Шақырды Алтынбесік — қиян дала,
Құйғытқан қия шаңнан қыран ғана.
Таралып сол бесіктің құндағынан,
Құйылып бара жатты күй арнаға.
Жайымен Алтынбесік шайқала ма,
Құйғыта ма жорғадай тайпала ма.
Барады екпіндетіп, еңселетіп,
Жолдардан кедір-бұдыр қайталама.
Туған жер, айналайын, Алтынбесік,
Жанымды жай таптырды–ау самал есіп,
Төсінде еркелетіп келесің сен,
Дедің бе, толқыныңды жүрсін кешіп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі