Асылзат – Иса Байзақов

Бұл бетте «Асылзат» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5302
Ойламай сағат сені тұра алмаймын,
Мойнымды басқа жанға бұра алмаймын.
Айрылып шыныменен қалғаным ба,
Қалайша ауылыңа бара алмаймын.

Қайырмасы:
Асылзат, ойланшы өзің.

Деуші едім жастан сені маған серік,
Аққудай аппақ шырай біткен көрік,
Керілген кер маралдай кербезім-ай,
Күн бар ма көңілім тынар сені көріп?
Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері