Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1188
Мына жанар тылсым ғой, жанар емес, япыр-ау,
Көріп тұрып күрсінбей болар емес, япыр-ау.
Төңкерілген қос күмбез сиқырлаған өзіне,
Төсіңдегі қос анар, анар емес, япыр-ау.
Дұрыстығын тек қана айтыңдаршы, ағайын,
Жанып тұрған бұл қызға қандай теңеу табайын.
Онсыз менің көңілім құлазыған құмды өлке,
Онсыз менің көгімде күлімдеген жоқ Айым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері