Қиялымды қиырларға самғатып – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Қиялымды қиырларға самғатып» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1676
Қиялымды қиырларға самғатып,
Ой-толқынға сан шығамын, сан батып.
Менің үшін томсарғаның қайғым да,
Менің үшін күлгеніңде бар бақыт.
Еркім болса аласұрған мына мен,
Сені құшып, тыншыр едім, тынар ем...
Неткен жан ең баурарлықтай сезімді,
Қарап едім.
Жанарыңда тұр әлем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері