Өлең, жыр, ақындар

Тоғай, тоғай, тоғай су

  • 13.11.2015
  • 0
  • 8
  • 50475
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен.
Тобыршығы биік жай салып,
Дұшпан аттым, өкінбен.
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен.
Ту құйрығы бір тұтам
Тұлпар міндім, өкінбен.
Зерлі орындық үстінде,
Ақ шымылдық ішінде
Тұлымшағын төгілтіп,
Ару сүйдім, өкінбен.
Бұрын соңды өкінбен,
Өкінбестей болғанмын.
Ер Мамайдың алдында
Шаһид кештім, өкінбен!..



Пікірлер (8)

Мереке

осы жырдың орысша аудармасы бар ма?

Мадина

Толық па мыналар

Шапағат

Жақсы жаттауға оңай жыр екен *-*

Дулат

Рахмет коп пайдасы тиды

Рулан

Толық сияқты

Диас

Жақсы жырлар екен

Бейбит

Оте керемет жыр екен. Жаттаугада оңай екен.

Дәурен

Өте қуатты, ерлік рухына толы толғау екен! Доспамбет Жыраудың «Тоғай, тоғай, тоғай су» – қазақ жыраулар поэзиясының алтын қорындағы інжу. Өмірдің барлық қырын – тоғай қонуынан бастап, жауға шапқан ерлігін, махаббатын, соңында шаһид болғанын – «өкінбен!» деп қайталанып тұрған қайырмасымен соншалық батыл, мақтанышпен жырлайды. Әр шумақта өкінбейтін өмірдің мәні, ердің арманы жоқ екені жүрекке қатты тиеді.

Пікір қалдырыңыз

Айнала бұлақ басы - Тең

  • 0
  • 9

Айнала бұлақ басы - Тең,
Азаулының Стамбұлдан несі кем?!
Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағаның
Хан ұлынан несі жоқ,

Толық

Азау, Азау дегенің

  • 0
  • 14

Азау, Азау дегенің
Әл-Ғұсман паша жұрты екен,
Дін ісләмнің кірті екен.
Азаудың ер Доспамбет ағасы

Толық

Айналайын Ақ Жайық

  • 0
  • 32

Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн кайда?!

Толық

Қарап көріңіз