Азау, Азау дегенің
Бұл бетте «Азау, Азау дегенің» атты Доспамбет Жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Азау, Азау дегенің
Әл-Ғұсман паша жұрты екен,
Дін ісләмнің кірті екен.
Азаудың ер Доспамбет ағасы
Азаудың бір бұрышындай нарты екен!
Білейім мен жаман күн
Болатсыз қылыш кесерін,
Айналасы алты жылдың ішінде
Есақай, Қосай екі ұл
Азау билеп өсерін!
Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоныстар қонған өкінбес.
Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес.
Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес.
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес.
Құрама шапшақ көп қымыз
Құйып ішкен өкінбес.
Екі арыстап жау шапса,
Оқ кылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе, Бетегелі
Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!
Басқа өлеңдері бар ма?
Автордың атына(Доспамбет Жырау) басу керек
Тарихи сөздер тауып бберіңіздерші
Не мынау жазганды емс мулде баска шыгып тур.не оленнин аты жок не оленнин авторы жок
Дильназ, соқырмысың? Азау, Азау дегенің және Доспамбет Жырау деп тұрған жоқ па?
Кешириниздер буны баска оленге жазайын деп едим мында шыгып кетипти
керемет маған керек еді
жақсы өлеңдер екен
Доспамбет жыраудың басқада жырлары бар ма? Бар болса жіберіңіздерші
Автордың аты-жөніне немесе суретіне бассаң Доспамбет Жырау басқада жырларының тізімі ашылады
Рахмет админ (ка)
Махамбеттің өлеңдерінде дәл осы шумақтар келедіғо,қайсыныкі екен,мысалы айналайын ақ жайық махаибеттеде барғой
Басқа өлең бар ма?
Өлең өте мазмұнды әрі әсерлі шыққан! Доспамбет Жыраудың «Азау, Азау дегенің» өлеңі қазақ классикалық поэзиясының рухани және тарихи мәнін терең көрсетеді — батырлық, елге деген сүйіспеншілік пен ержүректілік сияқты кілт тақырыптар ашады. Бұл өлеңде қазақ жырауларының «Азау, Азау» сөзі арқылы өткеннің ер‑жігітті, туған жер үшін күресті қалай айшықтап бергені айқын көрінеді, әрі «Қоғалы көлдер, қом сулар» сияқты дәстүрлі поэтикалық бейнелермен байытылған. Қазақ әдебиеті мен фольклорындағы тарихи ойды түсіну үшін бұл шығарма нағыз құнды материал екені сөзсіз. Осындай терең мазмұнды өлеңдерді жиі жариялап отыру маңызды!