Өлең, жыр, ақындар

Айнала бұлақ басы - Тең

  • 13.11.2015
  • 0
  • 9
  • 47653
Айнала бұлақ басы - Тең,
Азаулының Стамбұлдан несі кем?!
Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағаның
Хан ұлынан несі жоқ,
Би ұлынан несі кем?!
Тәңірінің өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менім несібем!
Азаулыда аға болған ерлер көп еді,
Әйтсе де аламанға ат байлағаны жоқ еді!
Сере, сере, сере қар,
Асты кілең, үсті мұз,
Күн-түн қатса жібімес.
Мен көлікке қосымды артқанмын,
Көмбідей ару жаларға
Күректей мұзды тондырып,
Кірмембес ауыр қолға бас болып,
Күңіреніп күн түбіне жортқанмын!
Дүниенің басы сайран, түбі ойран,
Озар сойды бұ дүние
Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағадан.
Ағарып атқан тандай деп,
Шолпанды шыққан күндей деп,
Май қаңбақта ағалардың аты жусап жатыр деп,
Ақ шандақты құрып қойған шатыр деп,
Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз -
Арғымақтың талдай мойнын талдырып,
Үйде қалған арудың
Ал иіндігін аудырып.
Арғымаққа оқ тиді
Қыл майқанның түбінен.
Аймадетке оқ тиді
Отыз екі омыртқаның буынынан.
Зырлап аққан қара қан
Тыйылмайды жонның уақ тамырдан.
Сақ етер тиді саныма,
Сақсырым толды қаныма.
Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузына қан қатты.
Жарықшылар жоқ па екен
Жармай білте саларға?!
Жағдайсыз, жаман қалып барамын
Жанымда бір туғанның жоғынан!..
Қарағайлы көдік бойында
Қамшым қалды ойында:
Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан білдің қайысы,
Шырмауығы алтын, сабы жез.
Бейазының бойында
Күзен, қарсақ жер ме екен?!
Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Мандайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген,
Серпіліп адам бетін көрмеген,
Қалай күні кешті екен!
Қосақай, Қосай, Ер Досайдың анасы
Хан қызындай сұлтанның
Айдындықтай ақ білегін жастанып,
Ерең үйін тіктіріп,
Омыраудағы он түймесін ағытып,
Кейінгі қалған көпекке
Қалай да белін шешті екен!?..



Пікірлер (9)

Мурзабаи узакбаев

Казактын алтын гасрнда омр сурген сериси далада кун тун жорткан бориси казагым жат журтка бодан болмаса екен деп мұз жастанып кар тосенген тун катып журип тус кашкан батрыгои олендери от окыган саналы адамди беи жаи калдрмаид

Мереке

Осы жырдың орыс тіліне әдеби түрде аударылған нұсқасы бар ма?

мадияр

Тагы баска олендеры бар ма?

Ерлан

Автодың(Доспамбет Жырау) атына басса шығады немес басқа да өлеңдері дегендерді басу керек, сонда басқа да өлеңдері шығады

диана

неге уйқасы кемиді

Улжан

Маган мына олен катты ұнады

Бексұлтан

диана,толғау түсінбейді екенсің

Әсемай

Маған көмектесті
Рахмет

Мерейлім

Мына өлең маған өте қатты ұнады маған көмектесті бірақ мен бұнша ұзақ деп ойламаппын.

Пікір қалдырыңыз

Айналайын Ақ Жайық

  • 0
  • 26

Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн кайда?!

Толық

Қалаға қабылан жаулар тигей ме

  • 0
  • 8

Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме,
Қатарланып, қарланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме!

Толық

Азау, Азау дегенің

  • 0
  • 13

Азау, Азау дегенің
Әл-Ғұсман паша жұрты екен,
Дін ісләмнің кірті екен.
Азаудың ер Доспамбет ағасы

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер