Өлең, жыр, ақындар

Өсиет өлеңдер

  • 13.11.2015
  • 0
  • 38
  • 155976
Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым,
Тең етті бәрімізге күн мен айын.
Адамның адам біткен баласымыз,
Қайсың бөлек тудың деп айырайын,
Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер бір - біріңе қарасыңыз.
Өмір деген бес күндік кетер өтіп,
Атаң барған орынға барасыңыз.
Пайғамбар бұрынғы уақытта Дәуіт өткен.
Патша боп бұл дүниеге даңқы кеткен.
Отыз ұлым бар ғой деп көптік ойлап,
Құдайым отызын да әлек еткен...
Жылаған Дәуіт патша тоба қылып,
Өзінің бенде екенін сонда біліп,
Мұнан соң тақ Сүлеймен туды дейді,
Отыз ұлға бір өзін жора қылып.
Ескендір патша болып дүниені алған,
Қалмаған бұл жалғанда ешбір арман.
Жалғыз - ақ өлмеске айла табамын деп,
Ізденіп мәңгі суын соған барған.
Мәңгіден су ішкенге өлім болмас,
Ескендір мұны сұрап білгені рас.
Су әпкел деп жіберді уәзірлерін,
Уәзірі қасындағы Қыдыр Ильяс.
Екеуі барды суға, судан ішті,
Бір кесе патша үшін және алысты.
Енді қайтіп, жүрелік деп тұрғанда,
Бір адамға сол жерде көзі түсті.
Сұрасты мұнда отырған неткен жансыз,
Қарасақ келбетіңе мұсылмансыз?
Сонда ол кісі өз жайын баян етті:
Мен - дағы бір патша едім еш күмәнсіз.
Өлмеске мен де осындай талап еттім,
Бір күні осы суға келіп жеттім.
Әрбір іс уақытында қызық екен.
Ақыры өз басыма азап еттім.
Бір заман әлек болды барша елім,
Қалмады қыдырмаған ешбір жерім.
Кемдіктің неше түрлі бәрін көріп.
Ах енді өлім болса маған дедім.
Дүниені неше айналып неше кездім,
Өз жаным мен денемнен өзім бездім.
Маған өлім бермеді құдай тағала,
Енді тастап дүниені мұнда келдім.
Ах, деді Қыдыр Ильяс қайтып келді,
Сонда да кеседегі суын берді.
Ішейін деп Ескендір ұмтылғанда,
Су Ескендір аузына бармады енді.
Тағында тақ Сүлеймен нағылмады,
Өмірін соңындағы шағындады.
Нушеруан діні кәпір әділ өтті,
Дозаққа соның үшін жағылмады.
Бұзбаңыз әділдікті бұл мал үшін,
Жиясыз оны - дағы бір жан үшін.
Әзәзіл періштенің бастығы екен,
Не болды тәкәппарлық қылған үшін?
Аюпты сегіз жылдай мың құрт жеді,
Болыпты бөлек - бөлек соның тәні...
Мал-жаннан, ру, туған бәрі беріп ,
Далада жалғыз жатып «Алла» деді.
Малды алды, баланы алды сабыр етті,
Дұшпандар мысқыл атып жәбір етті.
Разымын не берсең де Құдайым деп,
Бәрін де қабақ шытпай қабыл етті.
Қорлама кем адамды, болсаң дана,
Кәріпті құдай сүйсе не еді шара?
Ер болған сиыр бағып Зеңгібаба,
Пір болды түйешіден Ойсылқара.
Ұмытпа бай болдым деп бір құдайды,
Жер жұтқан қайырсыздан Қарынбайды.
Мекенін білемісіз қайда қалды?
Жомарттық қылған үшін Атымтайды.
Иманды ер құдайынан ұялады,
Ұялып иесінен сый алады...
Ренжітпе пенде болсаң бейшараны,
Кәріп көңілі бір сыңғақ биялады...
Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен,
Кете бер кессе басың шындықпенен.
Қорек тап бейнеттен де тәңірің жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Адамға бір өзіңдей көзің сүзбе,
Бір әділ қазнасы кең патшаңды ізде.
Қорексіз еш бендесін қалдырмайды,
Жаратқан бір тәңіріңнен күдер үзбе.
Мақтанба бақыттымын деп бағаңызға,
Қартаймақ қиын сауда тығыңызда.
Іске аспай бақ дәулеттің қалуы оңай,
Басыңнан бағың тайған шағаңызда.
Мақтанба сұлумын деп ажарыңа,
Ажарсыз адамдарды ал назарыңа.
Зылиха, Жүсіппенен сұлу өткен,
Тұрмаған ажар ара ажалына.
Жүйрікте болмайды көрік сыналмаған...
Бақ тайса ерге құралмаған...
Меңзеген асқар тауға есіл көңіл,
Дүниеде ешнәрседен танылмаған.
Арық мал жан жолатпас бір жалданса.
Пенде ойлар кемімен деп бір малданса.
Қадамы әзіз ердің ұзамайды,
Жігітке бақыт шіркін сырт айналса.
Ағайын жат болады алыс болса,
Болады ат та жақын таныс болса.
Достарың дұшпан түгіл табылмайды -
Аяғың бір нәрседе шалыс болса.
Асылы залымдардың лайланды,
Дүниені маған десең шыр айналды.
Ит үрер жақсыға да,жаманға да,
Қылмағы бірақ залал құдайдан - ды.



Пікірлер (38)

Бекен Назым

Ыбырай Алтынсарин отте жаксы,адал,сон дай вк жарены киси болган

Бекен Назым

Керррреметтт куштиииии

Әбдуали Айжан Қайратқызы

Өте керемет Ыбырай Алтынсарин атамның өлендері маған қатты ұнайды. Маған барлық ақындар ұнайды. Себебі ақын болу өте қиын.

гулбахрам

Оте орынды айтылган создер.акындардын олендерын суюп окимын

Айзада Аманбаева

Керемет Ыбырай Алтынсарин атамыздын олендери маган катты унайды

Каламкас Аманкос

Ыбырай атамыз оте жаксы Сөз өлеңдерін калдырып аманат етип кеткен

Айгерім

мен өзім жас ақын болсамда Ыбыраи сияқты аталарымнан үлгі алам

АЙЖАН

КЕРЕМЕТ АРИ УЗЫН ГОЙ

Камила

Магынасы мол олен екен♡♡♡♥♥♥

Асел

Оте тамаша

Анель

Кеееееерееееееемееееееееет

АСЕМ

Сууууууууууууууупееееееееееееер

АСЕМ

Оте ккремет

АЙНҰР

Өте керемет маған ұнайды

айым

Оте тамаша

ДАУРЕНКЫЗЫ НАЗИРА

КЕРЕМЕТ

Есенғали Аділет

Ыбырай атамыздың өлеңдері өте керемет өлеңдер. Жүрегңді тесіп шығады. Тамсанам таңданам тəнтімін. Шындықты əділдікті ақиқатты айтып кеткен.

Баха

Өте керемет,мағыналы,ең бастысы тарихтағы тасқа қашалып жазылғандардың бірі

Адикон

Алтынсариннын барлыгы канша олени бар

Балнур

өте керемет

Әдия

Маған қатты ұнады. Мағынасы зор өлең екен

Еларыс

Өөөөөтеееее кееерееемееет, маған қатты ұнады.

Толғанай

Супер

Омар

Өте күшті

Дидар

Ыбырай атанын олендеры созсыз керемет екенын айтып жеткызе алмаймын.

Құдайберген

КЕРЕМЕТ

Myrza

Өте тамаша!

Ақсымбат

Керемет əрбір шығарманың өзіндік тəлім тәрбиесі бар бұл шығармалар бізге мұра болып калган

Ақсымбат

Керемет əрбір шығарманың өзіндік тəлім тəрбиесі бар үлгі өнеге алуға болады сол бір щындыктар мен накыл создерден тəрбие алып нәтиже шығару керек

Ақсымбат

Мен жас акын болсамда тіпті казіргі дамыган заманнын жас акынымын бұл кісілер кисынсыз ғасырдың ірі тұлгалары

Жания

Ия өте әселі өлеңдер

Айару Ж

Иә өте күшті????

Пікір қалдырыңыз

Әй достарым

  • 1
  • 2

Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма!
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.

Толық

Әй, жігіттер

  • 1
  • 27

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс - алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.

Толық

Өзен

  • 2
  • 86

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.

Толық

Қарап көріңіз