Ақ көйлекпен шығып ең – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ақ көйлекпен шығып ең» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1632
Көктем келіп жатқан кезде бақ гүлдеп,
Ынтығасың көкке қанат қаққың кеп.
Ақ көйлекпен аққудай боп шықтың сен,
Айтқаның ба, «жаным таза, пәкпін» деп.
Шын бақытты жанардан-ақ оқырлық,
Көк шалғынға құшақтаса отырдық.
Дір еткізіп, от денемді бір сезім,
Кенет мені билеп кетті батылдық...
Онан соң да, онан соң да сүйгенім,
Еркімді алып талай рет биледің.
Кездесуге шыққанменен сен бірақ,
Енді қайтып ақ көлекті кимедің...
Ақ көйлегің қол бұлғаған арман ба,
Бақытым-ау бар екенсің жалғанда.
Өзің бе деп елеңдеймін әлі мен,
Ақ көйлекті қыз жалт ете қалғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері