Оянбайды бәрібір іштарлығым! – Aibekkk

Бұл бетте «Оянбайды бәрібір іштарлығым!» атты Aibekkk жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тамырда қан, бойымда жылуым бар,
Құшағыма тоңсаңдар тығылыңдар.
Тыңдаңыздар, дүрсілін жүрегімнің,
Сол дүрсілден жанымды ұғыныңдар!

Көзімде от, жүректе қызуым бар,
Ерітеді көңілдің мұзын ызғар.
Дүние мен малға емес, жүрегімнің,
Соққанына дүрсілдеп қызығыңдар!

Үйреніңдер мінездің ұстамдығын,
Өмір үшін адамның құштарлығын.
Отымды ал жүректен, жылуымды ал,
Оянбайды бәрібір іштарлығым!


Пікірлер (2)

Айбар

Жарайсың.

Aibekkk

Біз осы білеміз бе бақыт мәнін,

Көрдік пе сол бақыттың татып дәмін.

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар