Досыма хат – 2
Аман ба Теміржан дос, ауыл-аймақ?
Сары атан болған шығар сары тайлақ.
Ержетіп кеткен шығар ұл-қыздарың,
Бір кезде отыратын «сарымайлап».
Аман ба Теміржан дос, ауыл-аймақ?
Сары атан болған шығар сары тайлақ.
Ержетіп кеткен шығар ұл-қыздарың,
Бір кезде отыратын «сарымайлап».
Дүние-байлық улаған санамызды,
Кешіре гөр, ақ Жайық балаңызды.
Өлтірген соң жоқтайтын халықпыз ғой:
Қолымызбен өзіміз анамызды!
Өлеңменен қалдырам дерегімді,
Ал ішінен, таңдап ал, керегіңді.
Мен өзіме көп алып қойдым ба екен,
Тауыса алмай жатырмын берерімді.
Тамырда қан, бойымда жылуым бар,
Құшағыма тоңсаңдар тығылыңдар.
Тыңдаңыздар, дүрсілін жүрегімнің,
Сол дүрсілден жанымды ұғыныңдар!
Іші тар адамдардың қарғысы атып,
Жат пиғыл,
Арам іске ұрынды ма.
Көк шалқан толқындары жарды соғып,
Қазақта «Ғабиттер» көп,
«Ғабиден» көп,
Малданып ұлы есімге дәлиген тек.
Сәлем жоқ, сауқатта жоқ шіренеді,
Билікті соққан кезде бәрі білгіш,
Өзінен басқаларды кәріне ілгіш.
Жұмылып іс қылайық деген кезде,
Ат-тонын ала қашып әрі жүргіш.
Басыңды қара жерден көтер қазақ!
Болғаның шет елдерге жетер мазақ.
Бойыңды тіктемесең жігерленіп,
Басыңнан өмір бойы кетер ме азап!
Қазақша оқы! Қазақша мені ұғамын десеңіз,
Қазақша ойла! Қазақша мені ұғамын десеңіз!
Қазақша ойлап, қазақша оқысаңыз сөзімді,
Бірге туған бауырдай туыстыққа көшеміз.
Қым-қуат өмір деген – күрес білем,
Тым-тырыс жүрген жанды кім естіген.
Той болсын бүгінгі күн адамзатқа,
Жырымды оңды-солды үлестірем!
Көшкенбіз күні кеше ауылдан біз,
Ауылды үзбей сосын сағынғанбыз.
Рахатқа өзімізше батып жүрген,
Бәріміз боқ тасыған қарындармыз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі