Оят мені
- 0
- 0
Жел боп кіріп көңіліме жабыққан,
Оят мені ақ сәулеңмен, жарық таң!
Сұлулыққа таңдануды о баста
Мінезіме ана сүті дарытқан.
Бұл бетте «Ақ Жайық тасымайды бұрынғыдай» атты Aibekkk жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түпсіз аспан қабағымен тұнжырап,
Бұтақтары бір түзеліп, бір құлап,
Жылмен келер жоқтап әнші бұлбұлын,
Жел өтінде жалғыз қайың тұр жылап.
Аспанында қалқып ұшқан жас қыран,
Аспанында қалқып ұшқан жастық ән,
Шалқар дария табылыпты бір теңіз,
Мен шыр етіп туған жердің астынан.
Хабарлама
INFO
Өте жақсы жазылған.
Жайық өзені көз алдымызда суалып барады, өкінішті-ақ