Бақ-дəулет, жеті мүният болса жолдас – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Бақ-дəулет, жеті мүният болса жолдас» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бақ-дəулет, жеті мүният болса жолдас,
Төрт бақыт бір адамға сірə қонбас,
Босағасын алтыннан соқсан-дағы
Перзент сүймей адамның мейірі қанбас.
Лə илаһа илла алла — иманыңыз,
Иманыңнан бұйырсын жиғаныңыз.
Алғаныңнан ұл перзент туа қалса,
Қиямет, машхарға дейін барғаныңыз,
Алғаныңнан ұл перзент болмай қалса
«Күн фаякун тұржағун» болғаныңыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері