Бұлттар – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Бұлттар» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2327
Бұлттар, бұлттар
Ойымды демерсіңдер.
Періштелер,
Көрінбей жеберсіңдер.
Мәскеуде,
Таганкада жүріп келем,
Серігім
Көп иті мен көгершіндер.
Үйімде
Қазақы ән ,сазы -нұсқа.
Пенденің
Амалы не жазымышқа?
Шығыстың
Қасиетінен айналайын,
Орыстың
Орманы көп, жазы қысқа...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері