Бұлттан шыққан – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Бұлттан шыққан» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3007
Таудан қалың тұман түсті.Тұман ба?
Шыбын жаным бөлек екен шығарда.
Бұлттан шыққан Күн де ащы.Сонан да
Көкке көзін қысып қарап тұрар ма?
Мұратыңа жеткізбейді мұң деген.
Көңілдерде көлеңке бар кірлеген.
Өзгелерге не үйретсін ділмәрсіп
Шын мәнінде өз өмірін сүрмеген.
Көзіне айтсам деп жүруші ем көлгірдің.
Көз ұшында жол соқтырды.Болдырдым.
Қадір білер, қасиеттім осының
Түбі қайыр боларына сендіргін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері