Бақытыңа кез бопты долы қатын – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Бақытыңа кез бопты долы қатын» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.10.2019
  • 0
  • 0
  • 4008
Бақытыңа кез бопты долы қатын,
Мұны алған ер жанжалға молығатын,
Ұрысса бар адамды жеңбей қоймас,
Бір үй түгіл бір ауыл торығатын.
Өзінің кесапаты бастан асып,
Ері де бір пəлеге жолығатын.
Албастыдан дəу дию қашты дейді,
Бұл үйге қона алмаймын, пері қатын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері