Жастарға бақыт, байлық ден сау болса – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Жастарға бақыт, байлық ден сау болса» атты Шал Құлекеұлы жазған бақыт туралы өлең берілген.

Жастарға бақыт, байлық ден сау болса,
Тауфиқтан айрылады жемсау болса.
Ер жігіт қапалықпен қартаяды,
Қатын жаман, мінген ат қырсау болса.
Жастарға жақсы есім молла деген,
Арамға жарамайды алла деген,
Беліңді тəуекелге бек байласаң,
Бөрі мен ер азығы жолда деген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері