Жайма құшақ, қара жер – Мәриям Хакімжанова

Бұл бетте «Жайма құшақ, қара жер» атты Мәриям Хакімжанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.12.2015
  • 0
  • 0
  • 4342
Жайма құшақ, қара жер,
Мен кірмеймін қойныңа.
Еркіммен барар ойым жоқ,
Салмасаң арқан мойныма!..
Жұтсаң да мыңды тойым жоқ,
Жүрегің қайтып, қойдың ба?!
Бауырың суық, қара жер,
Қойныңа кіргім келмейді.
Табиғат, өзің қуат бер,
Тәуекел еткен өлмейді.
Советтік санлақ дәрігерім,
Ажалға мені бермейді.
От жүректі Отаным,
Кеудемді нұрмен тербейді.
Отаным десем оттанам,
Күш-қуатым селдейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері