Сізді ойламай ұйықтау мүмкін бе осы? – Асылзат Арыстанбек

Бұл бетте «Сізді ойламай ұйықтау мүмкін бе осы?» атты Асылзат Арыстанбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2549
Сізді ойламай ұйықтау мүмкін бе осы?
Сізді ойламай ояну мүмкін бе осы?
Ертегіге айналып кетейікші ə,
Бір бақытты түніме мың түн қосып.

Сізді ойламау... мен үшін күнə сынды,
Көз ілместен үйрендім түн асуды.
Мың маржанның ішінен мөлтілдеген,
Тани алмай жүрсіз-ау шын асылды.

Сізді ойлаудың тартамын тəтті азабын,
Менен басқа өмірдің жоқ мазағы.
Ай нұрына шомылам түніменен,
Таңертең - тап-тазамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері