Иманды мен имансыздар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2541
Кейбір адам кенет өліп жатады,
Кейбір жастар ерте сөніп жатады.
Кім де болса, жақсы жанның өлімі
Жан жылатып, қабырғаңа батады.
Дос-жарандар өлген жанның жақынын
Жұбатады айтып сабыр ақылын:
«Аллаға да жақсы адам керек қой,
Сондықтан да, алған шығар пақырын.
Өзі өлгенмен, өлмейтұғын ізі бар,
Ел есінде сақталатын ісі бар».
Ал, егерде жасы жеткен жан болса:
Дейді: «Жалғас ұлы менен қызы бар».
Иә, өмірден ерте кетіп жақсылыр,
Жүре берер ақыл-ойы тапшылар.
Жақсыларды ерте алатын себебі,
Алдарынан ақтарылар ақ шынар.
Орын алып қақ төрінен жұмақтың,
Дәмін татар мөлдір кәусар бұлақтың.
Имандының жаны нұрға бөленер,
Жарығымен мәңгі сөнбес шырақтың.
Имансыздар батып қарғыс, мазаққа,
Жүре берер жер бетінде азапта.
О дүниеге асығады несіне?
Аян болса түсетіні тозаққа?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иманды мен имансыздар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Иманды мен имансыздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Иманды мен имансыздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иманды мен имансыздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері