Ағалар – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Ағалар» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 918
Бізде асыл ағалар бар
Ініні сыйлайтұғын.
Әр түрлі бағалар бар,
Кейде ойға сыймайтұғын.
Іні артық бір сөз айтса,
Көтермес несін аға?
Түрпідей түрсіз айтса,
Ақыл айт, сәл сына да...
Ағай-ау, неғыласың –
«Баламен бала» болып?
Несіне тарыласың?
Жүре бер аға болып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері