Қазақ деген Қазақ қой!

Бұл бетте «Қазақ деген Қазақ қой!» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1761
Қазақ десе қаның қызып,
Тулай ма осы жас жаның?!
Туламаса,
Туған елге жат боп бара жатқаның,
Өз атаңның атын өзің талқылап,
Не көрінді,
Тіліне еріп басқаның!?
Қазақ атын талқыға сап,
Жүгіртеді сан-саққа,
Айналдырған кім еді оны,
Бұрын қырғыз – қайсаққа?
Анау, мынау,
Андай, мұндай
Қайдағыны теліген,
Нанамыз ба
Қай – қайдағы найсапқа?
Қазақ деген жалғыз-ақ сөз,
Қазақ қой!
Қазақ деген қазақ,
Бітті,
Ескі әуеннің ырғағындай ғажап қой!
Тұнып тұрған жоқ па сонда,
Азаттық та, азапты ой,
Оны әркімдер аннан, мұннан шығарып,
Көкпар қылса, мазақ қой!
Онда бар ғой Күн мен Айдың шуағы,
Найзағайдың жарқылы,
Домбыра мен сарыны бар қобыздың,
Аққу, қаздың қаңқылы,
Тұлпарлардың дүбірі бар,
Ысқырығы алдаспан мен жебенің,
Ақ найза мен айбалтаның сартылы!
Онда қанша қуаныш пен күйік тұр,
Көз алдыңа келеді аспан,
Құлан жортқан құба дүз бен ыйық қыр,
Қалай қарай оқысаң да
Өзгермейтін мәнісі,
Қазақ деген сөзге бәрі сиып тұр,
Мейірім мен иман тұнған бұл сөзге,
Барлық қазақ ұйып тұр,
Ол халқыма қонған атау ғайыптан,
Бәрінен де биік тұр!
Қазақ деген өзгермейтін жалғыз-ақ сөз,
Қазақ қой,
Біздер үшін қасиетті, киелі,
Барлық сөзден ғажап қой!
Ал, киені талқыламас бөлшектеп,
Тиіспеңдер,
Қазақ деген,
Бізге ғана,
Көктен түскен сөз – ақ қой!
Қазақ деген Қазақ қой!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ деген Қазақ қой! өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Қазақ деген Қазақ қой! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ деген Қазақ қой! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ деген Қазақ қой! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері