Торғай – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Торғай» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 715
Суық қыстан сұр торғай қымсынбады,
Қарға қадап тұмсығын сусындады,
Жақындап ем, жас терек бұтағына
Пыр-пыр ұшып, қанаты сусылдады.
Тобықтай боп томпиып тоқ бүйірі,
Ұшып, қонып жерден жем шымшиды әрі.
Талға нәзік ілініп шақ ұстанған
Жіп-жіңішке, – секілді сым сирағы...
Жас бұтақта торғайдай, бір тәтті елең
Шырқап ылғи, шіркін тек тұрсын дағы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері