Сарғайғалы жапырақ – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Сарғайғалы жапырақ» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сарғайғалы жапырақ жатыр
үйдің алдында ,
Қара суық, сары уайым
сергелдеңге салды да.
Жапырағынан айырылған
қара талым секілді
Жас жүрегім тоңазып,
лүпілдейді солымда.

Бір тал қалған жапырақ
үмітімдей секілді ,
Үкілеген үмітім қара талға
бекінді.
Сені іздеген жанарым
Жел өтінде өкінді...

Әне , әкетті үзіп а(лы)п
жанарымның шуағын,
Үзік үміт қайтадан жалғанса
деп тұрамын.
Желмен бірге тұтасқан
бейне көрсем әйтеуір
Мені іздеген сен бе деп ,
тұталады шырағым...

Мені іздеген сен бе деп ,
тұталады шырағым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері