Түнгі қала – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Түнгі қала» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Түнгі қала... Шамдары жарқыраған...
Дәл осындай ұнайды қалпы маған.
Әуеніме үйлескен түн-тыныштық
Сиып кетер өзіне жарты ғалам.

Иісі де сағыныш иісіндей,
Үнсіздікке әлемім жиі сіңбей.
Сезіміме жаралған жан дүние
Сағынуда жанарым сәт ілінбей.

Кеудеме махаббатым үңіліп... Ұмытылды.
Жанарыма ұмыт болған сыры тыңды.
Әңгүдікке теңелген сезім байғұс
Сағынышқа оранып болды жынды.

Қойнына сап, түн әлемін үгітті,
Өлтіріп ап, қоя салдым үмітті.
Таң бозарып атуға шақ қалғанда
Шапағы кеп қара мұңды жібітті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері