Өлең, жыр, ақындар

Ай қызы

  • admin
  • 22.04.2024
  • 0
  • 0
  • 549
Сол түні жұлдызды жасырып,
Қара түн, Ай қызды жылаттың.
Кірпігі жуынып сезімге,
Жанардан мөлт етті құлап мұң.
Күн сенен жарығын қызғанды,
Жаныңды түсінді бірақ, түн...
Ай жылап...
Жұлдыздар мұңайды,
Қасыңда отырды бірақ, кім?..
Көп нүкте...
Көп жұлдыз...
Түсінем,
Жауабын таппадың сұрақтың.
Жаныңда болмадым, білемін,
Түнгі леп самалмен жұбаттым.
Жыладың, бірақ та сезбедің,
Сол түні сен мені жылаттың...
Жерді біз ұмыттық Айдамыз,
Жаныңда болу ғой — көшкенім.
Бұлттарды бөлме ғып алыпсың,
Есігін таппадым, «Аш» дедім!..
Ай қызы, кел бермен, жылытам,
Кеудемде нұрым бар, өшпедім.
Атары–атпасы белгісіз,
Қайғысын шашады кешке Күн.
Көрерім, көрмесім белгісіз,
Жарығым, оралшы, кеш, дедім!
Бұлттарды қайық қып,
Ай жаққа жүздің де, «қош»-дедің!..
(Мен қалдым жерде...)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйер едім...

  • 0
  • 0

Ғасыр қарап тұрар ем жанарыңа,
Сыздаса да жүректе жара мына.
Қарай алман, кеш, гүлім, сенсем дағы
Өңіріңе ақ моншақ тамарына.

Толық

Сен кеткелі...

  • 0
  • 0

Бұл әлем қап-қара тас түнек,
Қара бақ, қара жер, қара құм.
Әлем — от, жүрегім мұп-мұздай,
Сұп-суық оттарға жанатын.

Толық

Осы бір күз...

  • 0
  • 0

Осы бір күз жанарымда қалып қалды,
Үйретеді мұңайғанды, жабыққанды.
Қоңыр, әжім алақаны сәлем беріп,
Осы бір күз мені көріп танып қалды...

Толық

Басқа да жазбалар