Қысқы қала түнереді, күлмейді – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Қысқы қала түнереді, күлмейді» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2114
Қысқы қала түнереді, күлмейді,
Мен қысылдым қуануға жарамай.
Сен жайлы ешкім ештеңе де білмейді,
Алғашқы қар жауған кезде далада.
Жыламағын, жалынбағын, кеш деме,
Кештім десем, оным шықпас көңілден.
Енді маған керек емес ештеңе,
Ғайып болып кетсем дұрыс өмірден.
Үсті жақұт, ащы бақыт әрі жүр,
Жалғыздықта жазылмайды жазғы жыр.
Енді маған қыс па, күз бе, бәрібір,
Терезенің алдында өтсін аз ғұмыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері