Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 11293
Мынау жалпақ жердегі,
Менің жұмақ мекенім.
Тағдыр оның ермегі,
Болашағы жеке мұң.
Мынау заржақ заманда,
Ашылған кең қабағы,
Жасырмаған табағын
Жақсыға һәм жаманға.
Бөтен көрмей бәрін де,
Қадірлі етіп төрінде
Ұлт пен ұлыс тойлайды,
Өз үйім деп ойлайды
Ақсақалы ардақты
Қамын күйттеп жан-жақты,
Берекесі баланың
Мерекесі араның.
Жігіттері жалындай,
Қамал сынды алынбай
Жарылардай жүрегі
Жалына алмай жүреді
Адамға да қоғамға
Намыс одан жоғалма.
Тек Аллаға бағынып
Тек Алланы сағынып,
Күлетұғын елжіреп,
Жылайтұғын тезірек
Қазақ деген кәрі ел бұл.
Алмағайып әлемде,
Жоқ менде арман, бота мұң
Менің жалғыз Отаным
Менің жалғыз Отаным.
***
Ием сенсің – Маңғыстау,
Кием сенсің – Маңғыстау!
Арып-ашып жүрсем де,
Орным менің бір сенде,
Сүйем сені, Маңғыстау!
Бағым сенсің – Маңғыстау,
Тағым сенсің – Маңғыстау!
Сен деп жылап тойыңда,
Меңдеп сезім бойымда
Жағым семсін Маңғыстау!
Арым сенсің – қандағы,
Барым сенсің – ардағым.
Тірлік теріс тұлтиды,
Бірлігіңе кім тиді?
Зарым сенсің жандағы.
Асылым сен анамдай,
Бар сырым кең далаңда.
Алыс кетсем қалмадым,
Тек өзіңе арнадым
Балшырын жыр санамда.
Ертеңім сен – Маңғыстау,
Ерке мұң сен – Маңғыстау!
Сексеуіл мен жусаннан,
Мені қанша қусаң да,
Кете алмаймын, Маңғыстау...
***
Алматыдан, Астанадан алыста
Бір қала бар жас арудай толысқан
Жағасында Каспий деген кәрінің
Ұлт пен ұлыс бір-бірімен табысқан.
Бес алыптың Каспий қосқан арасын
Тілегі аян: достық тапсын жарасым
Аққу-сезім аппақ атып таңдарда,
Шырқар әні шартарапқа тарасын.
Толқын үміт талпынады қашыққа
Шағалалар шағынғанда ғашықтай.
Болашаққа батыл басып келеді,
Ақтау-ару арманына асыққан.
Шашылған жыр-ән көктен,
Бірлікті ұран еткен Каспий достық теңізі!
Каспий достық теңізі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен өлген күн

  • 0
  • 0

Сен өлген күн,
Көзіңде Ай-нұр сөнген күн,
Өзіме қайғы төнген күн,
Сезімді мәңгі көмген күн.

Толық

Кей сәттерде

  • 0
  • 0

Көңіл күйім күңгірттеу, қайтыңызшы,
Көздерімнен жан сырым сезілер тым.
Сіз қайтушы едіңіз, айтыңызшы,
Кей сәттерде бәрінен безінетін?!.

Толық

Сәкен ақынға

  • 0
  • 0

Бірде мені дос етіп сайлап қалап,
Бірде аруға қол жетпес теңедіңіз.
Маңдайымнан иіскеп жайлап қана
«Кіп-кішкентай ақыным» деп едіңіз.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер