Ажалды жеңген ту

Бұл бетте «Ажалды жеңген ту» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 872
Тебірентіп жиһанды
Сүйепті Ленин сыйлы адам,
Қол ұсынса жеткісіз
Мәңгі өмір бізге сыйлаған.
Құдіреті жетпес ешкімнің,—
Ол сыйды өмір шыңдаған,
Ол адам — өшпес нұрмен тең,
Ажалдың жеңген — тумен тең!
Шарықтаған шыңынан
Ол адам ұрпақ күшінде;
Өркені өшпес, ұйқыда
Мавзолейдің ішінде.
Мраморлы сарайдың
Ішінде нұрлы пішінде,
Дарымай жаудың бомбасы,—
Тұр Кремль ордасы.
Бетіне алып кеп - кеше,
Москваның даласын,
Көріп едік,— түнеріп
Қаптаған жаудың қарасын.
Сырт беріп қашты сасқан сұм,
Қаздық біз қардан моласын,
Жау аңша ұлып жығылды,
Москвадан түңілді!
Намыстық оты лапылдап,
Халықта жігер қайнаған,
Көмейіне мылтықтың
Ел оқ салып арнадан
Қуып жатыр фашисті
Жеңеді жауды қаулаған.
Талай селен, қалалар
Тазарып жаудан, дем алар.

1942


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ажалды жеңген ту өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Ажалды жеңген ту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ажалды жеңген ту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ажалды жеңген ту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері