Жос іздеп жүрмін

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 544
Жайыңды айтқызбай-ақ түсінетін,
Сабырға ашуыңды түсіретін,
Қоятын әр кез биік мұратын,
Адалдықты жанымен сүйіп тұратын
ДОС ІЗДЕП ЖҮРМІН.
Жасысам қайрайтұғын намысымды,
Адалдығы аққудың ары сынды,
Сырымды соған ғана ақтаратын,
Бәтуалы тірліктен бақ табатын
ДОС ІЗДЕП ЖҮРМІН.
Жылаған сәттерімде жұбататын,
Рухты сәттерімді ұнататын,
Шаттанғанымды қалап тұратын,
Сүйеу болуға жарап тұратын
ДОС ІЗДЕП ЖҮРМІН.
Арманы арманыммен үндесетін,
Қиялдың күреңіне мінгесетін,
Жел кернегенде желкендерімді,
Іздеуге бірге аттанар ертеңдерімді
ДОС ІЗДЕП ЖҮРМІН.
Көргенде жоғым түгенделетін,
Жалғыздық мәңгіге жүгенделетін,
Көрмесем бір сәт сағына беретін,
Адалдыққа әр кез табына беретін
ДОС ІЗДЕП ЖҮРМІН...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жос іздеп жүрмін өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Жос іздеп жүрмін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жос іздеп жүрмін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жос іздеп жүрмін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері