Өшеді үнім – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Өшеді үнім» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.07.2018
  • 0
  • 1
  • 4399
А. С. Пушкиннен аударма

Өшеді үнім... Ал егер шерлі күнде
Ой табалсам домбырам ішегінде,
Ал егерде ықласты жастар тыңдап,
Таңырқаса улы ұзақ сүюіме,
Ал егерде өзің де елжіресең
Оңашада күйікті өлеңіме,
Жалын тілін жүректің сүйсең сен де,
Ал егер де сүйілсем: тыңда, қалқам,
Ардақты атын жаттаған, сүйгеніме
Қош айтысқан толғаудан тартам үнге:
Әлім ұйқы құшқанда мәңгі мені,
Жаназамда жақындап сүйегіме:
Соңғы сүю толғауын, сырлы өлеңін
Сыйлап еді, сондықтан сүйгемін де.


Пікірлер (1)

Райана

2 куплет өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өшеді үнім өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Өшеді үнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өшеді үнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өшеді үнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері