Қуыршақ театрында – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қуыршақ театрында» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 815
Бірі құлап, біреуі бүгіледі,
жүгіреді, тірліктен түңіледі,
қуыршақтар қылығы қандай қызық,
театрға барғаным бүгін еді.
Басын келіп біреуі иді мүлде,
қасын керіп,
қабағын түйді кімге,
билеуі де, топырақ илеуі де —
көрінбейтін құдірет билігінде.
Күлгізеді, жүгіртіп, жүргізеді,
күшік қылып біреуін үргізеді,—
қалт еткізбей жарлығын орындатып,
көріп тұрдым барлығын — күндіз еді.
Араларын қоя ма ұшықтырып,
төбелесе кетеді ұшып тұрып,
айналады қым-қуыт тіршілікке —
қасқыр жылап,
жылқы ұлып,
мысық күліп...
Құтырады біреуі, қағынады,
қамығады, зарығып, тарығады,
Қуыршақ қой десек те,—
қарап тұрсақ —
өзімізге ұқсайды бәрі-бәрі!
Мына бірі ұлына: "Көк шешек!"— деп
мына бірі жұлына жетті өсектеп.
жарар еді дей берем,
біз де осылай
қуыршаққа айналып кетпесек тек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуыршақ театрында өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қуыршақ театрында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуыршақ театрында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуыршақ театрында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері