Көйлек хикаясы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көйлек хикаясы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 8901
Арман таңнан заулайды,
Тайбурылдан аумайды.
Төбешіктен қарғиды,
Көк шалғынға аунайды.
Ала өкпе боп ес кетіп,
Етек, жеңі бос кетіп,
Арман үйге алқынып,
Оралады кештетіп.
Әппақ көйлек көк болған,
Көп түймелер жоқ болған.
Шынтақтары сырылып,
Шашына шаң, шөп қонған.
Бірден бәрін байқаймыз,
Байқап, басты шайқаймыз.
Болған жайды айтады
Ақырындап, айқайсыз:
– Қуып едім көбелек,
Бөгет болды бөгелек.
Іліп кетті ербеңдеп,
Етегімді ебелек.
– Ал, көйлегің неге көк?
– Көк болған соң керемет.
Жарасып тұр емес пе?
Әппақ болып не керек?
Қысылмайды, күлмейді,
Бояғаным бұл», – дейді.
Анасының күнде оны
Жуатынын білмейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көйлек хикаясы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көйлек хикаясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көйлек хикаясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көйлек хикаясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері