Алматы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Алматы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 873
Ұлы қалам!
Басыңнан не өтпедi?!
Не көрмедiң?!
Өлмедiң!
Қаншама қараң қалдың...
Көрер жарығың бар екен
Аман қалдың.
Жер сiлкiнiп
Желдi күнгi
Құстың ұясындай
Шаңырағыңды шайқап кеттi.
Ағаштарыңды қопарып,
Үйлерiңдi жапырып.
Жермен-жексен қып
Жайпап кеттi.
Қаншама отқа өртенiп
Қаралы болдың.
Опасыз оқтар тиiп
Жаралы болдың.
Атан жiлiгiң сынып
Омақасып
Құлап жатқан
Кездерiң болды.
Бүкiл елiңдi еңiретiп
Ебiл-дебiл боп
Жылап жатқан
Кездерiң болды.
Әлi де өсек-жаладан
Өртенiп жатасың.
Қиянат-сұмдықтан
Жиырылып
Жиiркенiп жатасың.
Улы сөздер шаққанда
Алып денеңмен –
Шыдай алмастан! –
Аунап тұрасың.
Суық көздер баққанда –
Балапандай бүрiсiп! –
Алатаудың аңғарына тығылып
Жаурап тұрасың.
Көшелерiңде
Ұрпағымның төккен қанын –
Күректермен! –
Қырып кетiре алмады.
Борасындар сыпырып,
Нөсер-жаңбырлар
Айлап, апталап жауып
Жуып кетiре алмады...
Бойыңды тiктедiң.
Еңсеңдi көтердiң.
Ендi сенiң
Алып үйлерiңдi
Алып омартадай көрiп
Аюлар таптап кетпесiн.
Алатауыңды
Құмырсқаның илеуiндей көрiп
Құмырсқалар қаптап кетпесiн.
Абай бол!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері