Шырайы кем, шапаны да шоқпыт түн

Бұл бетте «Шырайы кем, шапаны да шоқпыт түн» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шырайы кем, шапаны да шоқпыт түн,
Шипаң жоғың біліп тұрып, көп күттім
Маңайына жарық берген май шамдай,
Өзімді өзім жеп біттім.

Күн болам деп көкке қолым созбаймын,
Өзіме ыстық өз бақытым, өз қайғым.
Шарасында шүпілдедім көздердің,
Тамып кете жаздаймын.

Тама жаздап қайта өтемін өңештен,
Көзге түспес көлеңкеден емес пе ем?!
Ақыл-естен ажырамау үшін тек,
Ел жасаймын елестен.

Беймезгілде бас көтеріп бүршік-ән,
Мен де өзімше ерік бермей қырсығам.
Түн...
Түс көрем...
Тұншығам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шырайы кем, шапаны да шоқпыт түн өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Шырайы кем, шапаны да шоқпыт түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шырайы кем, шапаны да шоқпыт түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шырайы кем, шапаны да шоқпыт түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері