Зауал – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Зауал» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1347
Кейбіреудің көргенде арамдығын,
Арашаға түседі адамдығым:
«Тақсіретін тартады түбінде бір,
Жасағанмен қиянат саған бүгін».
Ар алдында ақылға ерік берем,
Әділеттік жолымен еріп келем.
Алдау менен арбауды кәсіп еткен
Қаныпезер қуларды көріп келем.
Болса-дағы жазалы, шын кінәлі,
Жасап бағар сұмдығын, мүмкін, әлі.
Әр қылмыстың қайтатын зауалы бар,
Арамдардың ақиқат бір құлары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зауал өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Зауал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зауал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зауал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері