Қойдырдым – Сәли Садуақас

Бұл бетте «Қойдырдым» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1098
Жеңгем айтты:
«Әлгі қайыным – түйнекке,
Десем бүйтіп үйретпе!
Тілімді алмай кенжемді
Дәндетті тіл, бүйрекке.

«Шешең болсам егер мен
Түсірмес ем төбемнен!»
Деп жетелеп қалмайтын
Той-томалақ дегеннен.

Төрттен енді асқан-ды,
Ас та әңгіме бастайды.
Тамақ құрлы көрмейді,
Ет пен майдан басқаны.

(Қиқарын-ай Ермектің!)
Не десе де көнбеппін.
Бірақ әр күн жеңсігін
Қайдан тауып бермекпін?..

Ел не десе, о десін,
Балалыққа көнесің.
Жалғыз лақ бар еді,
Ұры әкеткен енесін.

Алдасам да көнбейді,
Айтқаныма сенбейді.
Тірі лақтың бүйрегін –
Тілін алып бер дейді.

Ақыр соны сойдырып,
Қарынымды тойдырдым
Мал қалмады,
Ермектің
Қылығын да қойдырдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қойдырдым өлеңінің авторы кім?

Сәли Садуақас — осы өлеңнің авторы.

Қойдырдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қойдырдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәли Садуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қойдырдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері