Кел, ойна – Сәли Садуақас

Бұл бетте «Кел, ойна» атты Сәли Садуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2020
  • 0
  • 0
  • 964
Есік алды кең арна,
Арнадағы көгалға
Ағаларым еккен-ді
Сорты бөлек көп алма,
Екіде екем мен онда.

Есік алды кең арна,
Арнадағы көгалда
Әр ағаштың басында,
Құжынаған көп алма,
Таяп қалдым деп оған.

Біздің ауыл кең аула,
Жемісті ағаш көп онда.
Шым жатқызып жасадық,
Гүлді алаң, көгалда,

Кластастар, кел, ойна!
Біздің ауыл көп аула,
Әр ауылда көл – айна.
Жағалауы көк алма,
Піспей тұрып оларды,

Бауырларым жеп алма.
Саясында салқындап,
Көгалында кел, ауна
Гүлді алаңда көп ойна!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кел, ойна өлеңінің авторы кім?

Сәли Садуақас — осы өлеңнің авторы.

Кел, ойна өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кел, ойна өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәли Садуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кел, ойна өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері