Бұл бетте «Тарт қолыңды» атты Серік Томанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тарт қолыңды!
Ақынға тиме, надан!
Ақымақтық - ақынды сыйламаған,
Ақын деген Аққуы адамзаттың,
Адалдықты қайта сен үйрен одан,
Ал Аққуға оңбайды тиген адам.
Тоқтат қане!
Ақынды таяқтама!
Аласұрма ақынды аяқтан ап,
Ақын деген халықтың ардақты ұлы,
Елден бөліп сондықтан саяқтама,
Тоқтат қане, ақымақ, таяқтама!
Жетер енді!
Несіне керілдедің?!
Ақылға кел, ашуға берілмегін,
Ақын деген ақиқат, ақымақ-ау,
Ақиқаттың көріп пе ең жеңілгенін.
Айт одан да, не сенің көңілдегің?..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі