Теректің шешімі – Серік Томанов

Бұл бетте «Теректің шешімі» атты Серік Томанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 2
  • 1357
Мен – терекпiн,
Тоналып тозған бүгiн.
Күзi жеткен жайдары жаздан бұрын.
Tipi өлiктей түнерiп тұрғанша бұл,
Қопарыла құлайын қозғал, дiңiм!

Қозғал, дiңiм,
Қинама, құлат мені.
Ұзынымнан түсейiн сұлап кері,
Мазалауын қоймай тұр мына бiр жел,
Бiтпеген бе, бәтшағар сынап тегі.

Қозғал, дiңiм,
Құлайын жаңқаланып,
Күн кешкенше, құр бекер қаңқа бағып.
Қарық болсын қысқы отын табылды деп,
Қожайыным қолына балтаны алып.

Қозғал, дiңiм,
Қалған жоқ, таңданар түк,
Қашанғы тұрам саған салмақ артып.
Сүйретiліп құр сүлде күн кешкенше,
Жалын болып лапылдап жанған артық!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Ақжігіт

Томанның Серігін еске алыңдар
Қайырылып тұрсын қайырлы шайыр
Еске алыңдар әрқашан
Ұмытпаңдар Серікті нағыз ақын

Ақжігіт

Байқамаған бағың шығар
Қараңғыда жол көрсеткен жарық шырақ
Ұмытпаңдар Серікті
Қысылғанда күш алатын , алапат қуат Серік шырақ !

Осы автордың басқа өлеңдері