Қаздандаған қаламымның ізінен
Бұл бетте «Қаздандаған қаламымның ізінен» атты Серік Томанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаздандаған қаламымның ізінен,
Қаз-қаз басып жыр тұрса.
Құп-қу болған қағазымның жүзіне,
Қан жүгіріп, құлпырса.
Құмырсқадай құжынаған қара өлең,
Қаламымды қаумаласа, қаптаса.
Қарақшыдан қашқан жандай даламен,
Қан сорпа боп қалам тыным таппаса.
Олай қашса, бұлай қашса бұлтақтап,
Тығылатын жер таба алмай жалғаннан.
Қуған сайын құжынаса жыр қаптап,
Ойхой, шіркін!
Одан өткен бар ма Арман!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі