Балалық – Сәбит Дөнентаев

Бұл бетте «Балалық» атты Сәбит Дөнентаев жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.12.2015
  • 0
  • 2
  • 11868
Алдау үшін көз жұмғанды «өлді» деп,
Уансын деп ұсынғанды «берді» деп.
Көңлін жыртпай шұлғығанды «сенді» деп,
Нені көрсе соған ерген балалық.
Ыстық ұрттап ауызы күйген «салқын» деп,
Иегіне шұлғау орап шәрпім деп,
Жылтыраса санын соғып «алтын» деп,
Сыртқы көзбен баға берген балалық.
Шығын демей қирағанды, күйгенді,
«Тек отыр» деп дұшпан көріп тигенді,
«Құбыжық» деп бөркін теріс кигенді,
Жығылғанын жұрттан көрген балалық!
«Ел қыдыртам, мінгіземін тайға» деп,
«Қаймақ пенен тойғызамын майға» деп,
Алдағанның бірін ұқпай айла деп,
Қолдағысын бәрін берген балалық.
Заман өтіп бара жатыр желдетіп,
Өзге халық өсіп жатыр ер жетіп,
Текке отырған, көздің жасын көлдетіп,
Қашан кетер біздің елден балалық.


Пікірлер (2)

Акниет

Оте асерли

Акниет

Маган оте кажет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалық өлеңінің авторы кім?

Сәбит Дөнентаев — осы өлеңнің авторы.

Балалық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балалық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері