Ас беру – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ас беру» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4035
Асымыз бар, бауырлар,
Келіңіздер, қауымдар.
Бұл жиыннан қалмасын
Алыс-жақын ауылдар.
Ата салты – ас беру,
Аталарға бас беру.
Артылам деп өзгеден,
Міндет емес бәс көру.
Дастарқанды жайып әз,
Ұсынамыз дайын ас.
«Өлі разы болмаса,
Тірі сірә байымас».
О, халайық, халайық,
Өлгенді еске алайық.
Аруақтарды ардақтап,
Бата беріп тарайық.
Үлкен-кіші жасымыз,
Қосылыпты басымыз.
Аруақтарға атаған
Қабыл болсын асымыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ас беру өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ас беру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ас беру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ас беру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері