Жанымды ұғынатын жан көрмедім

Бұл бетте «Жанымды ұғынатын жан көрмедім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1475
Жанымды ұғынатын жан көрмедім,
Әркімге жалтақтауды жөн көрмедім.
Өздерін өзгелерден зор санайтын
Жандарды өзімменен тең көрмедім.
Жетісіп тұрмаса да күйім менің,
Жетістім дегендерге иілмедім.
Адамды өлшесе кім ақшаменен,
Сол болды өмірдегі күйінгенім.
Болмаса бір басының имандары,
Тырбанып кімге қалар жиғандары?
Ажалы тіктеп келген сағатында,
Өзіне дем болар ма құйған дәрі?
Мүмкін, сен балама деп тырбанарсың,
Салтанат сарай салып, ырғаларсың.
Айтусыз ажал жетіп келген күні,
Бәрінен дүниеңнің құр қаларсың.
Қазаңа қарақұрым ел жиылар,
Көзінен кейбірінің сел құйылар.
Бәрібір, бар байлығың босқа қалып,
Өзіңе бір-ақ шұңқыр жер бұйырар.
Осыны тірлігіңде ойладың ба?
Жайраңдап жүре бердің тойладың да.
Дүние даңдайсыған бәрі бітер,
Денеңді қара жерге қойғанында.
Кейбіреу «сол керек» деп күліп қалар,
Атың да бірте-бірте ұмыт болар.
Кімде-кім Құдай берген талантпенен,
Биікке самғай берсе қанатпенен,
Көгінде сөнбес күн боп тұрып қалар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымды ұғынатын жан көрмедім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жанымды ұғынатын жан көрмедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанымды ұғынатын жан көрмедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанымды ұғынатын жан көрмедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері